Еңбек нарығы және жалақы

Еңбек нарығы – жұмыс күші сияқты ерекше экономикалық ресурсты сату  және сатып  алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы. Еңбек нарығында еңбектің өзі емес, белгілі бір еңбек түрінің қызметтері сауда-саттыққа түседі. Осыны есте сақтаған жөн. Бұл жерде, қалыпты экономикалық жағдайларда ұсынылатын еңбек қызметтерінің саны мен сапасы еңбек иесі – жалдамалы жұмыскердің кәсіби дайындық деңгейіне, оның біліктілігіне, тәжірибесіне, жұмысты әділетті атқара алу мүмкіндігіне, қабілеттілігіне және басқа да факторларға байланысты болып келеді. Еңбек нарығын талдау еңбеккке сұраныс пен еңбек ұсынысын қарастырумен байланысты. Еңбек нарығындағы сұраныстың субъектілері болып  бизнес өкілдері және  мемлекет, ал еңбек ұсынысының субъектілері болып үй шаруашылықтары табылады.

Еңбекке деген сұраныс – бұл бәсекенің әртүрлі жағдайларында фирмалардың немесе мемлекеттің еңбек қызметінің белгілі бір түрлерін белгілі бір бағамен сатып алуын сипаттайтын қажеттіліктері.

Еңбекке деген сұранысқа бірнеше факторлар әсер етеді:

  1. Дайын игіліктерге деген сұраныс көлемі;
  2. Жалақы деңгейі;
  3. Еңбектің басқа факторлармен өзара алмастырыла алу дәрежесі;
  4. Ғылыми-техникалық прогресстің дамуы;
  5. Елде қалыптастып отырған экономикалық жағдайлар;
  6. Жұмыс берушілердің монопсониялық әрекеттері.

Осы суретке сәйкес, абсцисса осінде – қажетті еңбек қызметінің шамасы (L) және ордината осінде – жалақы мөлшерлемесі (w). DL қисығының бойындағы кез  келген  нүкте жалақының белгілі   бір

деңгейінде еңбекке сұраныс шамасының қандай екендігін көрсетеді. Жалақы мөлшерлемесі өскенде кәсіпкер еңбекке сұраныс көлемін қысқартады және керісінше, жалақының төменгі деңгейінде ол жұмыскерлерді көбірек жалдауға ынталы болады.

Еңбек ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының және жалдамалы жұмысшылардың жалақының белгілі деңгейіне өздерінің еңбек қызметтерін нарықта сата алуға дайындықтары.

Еңбек ұсынысына да бірнеше факторлар әсер етеді:

  1. Елдегі демографиялық жағдайлар;
  2. Жұмыскерлердің жасы, жынысы және басқа да құрамы;
  3. Жұмыс күнінің орташа ұзақтылығы;
  4. Миграциялық үдерістер;
  5. Жұмыскерлердің кәсіби біліктілік деңгейі;
  6. Кәсіподақтар қозғалысы;
  7. Жалақыдан басқа табыс табудың басқа да мүмкіндіктері;
  8. Жұмыс орнын таңдаудағы еңбек жағдайының қолайлылығы.


Еңбек нарығында сатушылар жалақы жоғарылағанда еңбектің ұсынысын арттырады, ал жалақының төменгі деңгейінде еңбекті қысқартуға мәжбүр болады. Алайда, жоғарыда атап өткеніміздей, еңбек ұсынысында ерекше жағдай қызық қалыптасады. Бұл жерде жеке индивидтің еңбек ұсынының қисығы кәдімгідей болмайды, бастапқыда, жалақы өскенде ұсыныс ұлғаяды, енді жалақы одан әрі ұлғайғанда ұсыныс кемиді. Неге? Өйткені, еңбектің жеке ұсынысы алмастыру әсері және табыс әсері сияқты екі құбылыспен арқылы түсіндіріледі. Нақты жұмыскер жалақының белгілі бір деңгейінде өзінің жұмыс уақытын орындайды, әріқарай жалақы артқанда ол еңбек 

Еңбектің ұсыныс функциясы сұраныспен салыстырғанда ерекше жағдайда қарастырылады. Еңбек ұсынының көлемі де жалақы деңгейіне тәуелді және оның ұсыныс қисығы оң көлбеулі болып табылады.

жалақының одан сайын өсуі оны қызықтырмайды және ол бос уақытты бағалайды, яғни алмастыру әсерін табыс әсері басады және ол І нүктесінен кейінгі жағдаймен сипатталады. Сөйтіп, біз жалақының өсуінің басқапқыда еңбек ұсынысының артуына, содан кейін төмендеуіне алып келетіндігіне осылайша көз жеткізе аламыз. Енді, еңбектің сұраныс және ұсыныс қисықтарын біріктірсек, онда біз еңбек нарығындағы жағдайды және ондағы тепе-теңдікті талдай аламыз. Төмендегі суреттен көріп отырғанымыздай, еңбекке сұраныс қисығы мен еңбек ұсынысының қисығы Е нүктесінде қиылысады. Осы нүктеге тепе-теңдік жалақының (w ) және еңбектің тепе-теңдік көлемі (L ) сәйкес келеді, яғни еңбек нарығы тепе-теңдік жағдайда болады. Тепе-теңдік Е нүктесі экономиканың толық жұмысбастылық жағдайында тұрғандығын көрсетеді. Мұндай жағдайда барлық кәсіпкерлер жалақының осындай деңгейінде еңбектің қажетті шамасын сатып алуға келіседі және олардың еңбекке деген сұраныстары толығымен қанағаттандырылады.

Қазіргі экономикалық теорияда еңбектің бағасы болып жалақы табылады. Жалақы тар және кең мағынада қарастырылады. Тар мағынада, жалақы – бұл өндірісте қолданылған еңбек бірлігінің бағасы. Ал кең мағынада, жалақы деп әртүрлі мамандық иелері болып табылатын жұмыскерлердің жалпы еңбекақысы, сонымен қоса, сыйақылар және басқа да ынталандырушылық ақылар айтылады.

Жалақының екі түрі ажыратылады:

  • Атаулы жалақы – бұл жұмыскерлердің белгілі бір уақыт аралығында өздерінің істеген еңбегі үшін алатын ақша сомасының жиынтығы.
  • Нақты жалақы – бұл жұмыскерлердің өзі үшін және отбасын қамтамасыз етуі үшін алған жалақысына сатып ала алатын тауарлар мен қызметтерінің жиынтығы, басқаша айтсақ, нақты жалақы атаулы жалақының сатып алушылық қабілеті. Нақты жалақы екі факторға: а) атаулы жалақыға; ә) тауарлар мен қызметтер бағасының деңгейіне тәуелді.

Тәжірибе жүзінде жалақының әртүрлі нысандары кездеседі. Соның негізгі екеуіне тоқталуға болады:

  • Мерзімдік жалақы – бұл жалақының еңбектің нақты атқарған жұмыс уақытының шамасына байланысты төленуі. Мерзімдік жалақы әдетте, жай мерзімді және мерзімді сыйақылы болып тағайындалуы мүмкін.
  • Келісімді жалақы – бұл жалақының жұмыскердің қажетті сапада өндірген өнімінің санына байланысты төленуі. Жалақының бұл түрі мынадай жүйелерде белгіленуі мүмкін: аккордтық, келісімді сыйақылы, тікелей келісімді және келісімді үдемелі жалақылар.

Сонымен, жалақы қазіргі уақытта үй шаруашылықтары табыс- тарының басым бөлігін құрайды және табыс табудың осындай негізгі көзі адамдардың тұтыну тауарларына деген сұраныстарының көлеміне және олардың бағаларына айтарлықтай әсер етіп отырады.

Капитал нарығы және пайыз

Капитал теориясы экономикалық теорияда аса күрделі сұрақ- тардың бірі ретінде саналады. Басты мәселесі – бұл жекелеген индивидтердің, фирмалардың және басқа да тұлғалардың капиталға қатысты ресурстар бойынша шешім қабылдағанда олардың уақытаралық таңдау жасай алуының қарастырылуы, яғни бұл жерде ақшалай капиталды бүгінгі және болашақ кезеңдер аралығында қалайша тиімді пайдалануға болатындығы сөз етіледі.

Жалпы алғанда, капитал кең мағыналы ұғым болып    табылады.

Осыған байланысты, капиталға бірнеше анықтама беруге болады:

Капитал – бұл негізгі өндіргіш күштерден тұратын өндіріс құрал- жабдықтары түріндегі физикалық капитал.

Капитал – бұл белгілі бір табыс ағынын қалыптастыратын кез келген құндылық.

Капитал – бұл белгілі бір уақыт бойы жинақталған өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы қорлар.

Экономикалық теорияда ақшалай және өндірістік нысандағы капиталдың түрлеріне сұраныс пен ұсыныс қалыптасады. Капитал нарығында ұсынысты калыптастыратын үй шаруашылықтарын жинақтаушылар деп атаса, фирма тарапынан сұраныс білдірушілерді инвесторлар дейді. Капиталға деген сұраныс – бұл инвестициялық шешім қабылдауға мүмкіндік беретін бизнес өкілдерінің ақша- қаражаттарын және өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалануға деген қажеттіліктері. Капитал ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының өз қолындағы бос ақша-қаражаттарын және ақшалай салымдарын бизнеске материалдарға сұраныс түрінде қолдануға беруі. Әдетте, капиталға сұраныс пен ұсыныс қатынастары банк қызметтері арқылы жүзеге асырылады. Үй шаруашылықтары өз қаражаттарын банкке белгілі пайыз түрінде табыс алу үшін жинақтайды, ал фирмалар осы жиналған қаражаттарды банктен несиелік қарыз құралдар түрінде сатып алып өздерінің инвестициялық жобаларын іске асырады.

Капиталға деген сұранысты мынадай факторлар анықтайды:

  1. Инвестициялық табысты максималдау;
  2. Нақты пайыз мөлшерлемесінің деңгейі;
  3. Салық салу деңгейі;
  4. Технологиялық өзгерістер;
  5. Экономикалық саясат шаралары;
  6. Болашақты күту;
  7. Кәсіпкердің оптимистік және пессимистік мінез-құлық жағдайлары;

Капиталдың ұсынысын мынадай факторлар анықтайды:

  1. Кәрілікті қамтамасыз ету;
  2. Күтпеген жағдайлардан сақтану;
  3. Болашақ сұраныстарды қанағаттандыру;
  4. Ұрпақ өсіруді болашақта қамтамасыз ету;
  5. Салық салу деңгейі;
  6. Бағалар деңгейі;
  7. Болашақты күту.

Капиталдың бағасын пайыз деп атайды. Ақшалай капиталға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырғанда оның бағасы несиелік пайыз пайда болады. Несие пайызы – бұл белгілі бір уақыт аралығында капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төлейтін бағасы.

Пайыз мөлшерлемесі екіге бөлінеді:
Нарықтық қатынастардың қалыпты жағдайында несие пайызы мөлшерлемесі (r) төмендегенде капиталға сұраныс көлемі (K) артады және керісінше, несиелік пайыз жоғарылағанда фирмалар қарыз алуды қысқартады. Олай болса, капиталға сұраныс қисығы теріс көлбеулі болып табылады (9.5 a-сурет). Үй шаруашылықтары банктің салым бойынша пайыз мөлшерлемесі жоғары болғанда капитал ұсынысын арттырады және керісінше, салым бойынша пайыз төмен болған жағдайда олар банкке ақша салуды төмендетеді. Демек, капиталдың ұсыныс қисығы оң көлбеулі болып келеді (9.5 ә-сурет).

  1. Атаулы пайыз мөлшерлемесі – инфляция қарқынын есепке алмайтын банктің тағайындаған ағымдағы нарықтық пайыздың шамасы.
  2. Нақты пайыз мөлшерлемесі – инфляция қарқынын есепке алатын атаулы пайыз мөлшерлемесінің сатып алушылық қабілеті. Ол атаулы пайыз мөлшерлемесі (i) мен алдағы мүмкін болатын инфляция қарқыны (π) арасындағы айырмашылықты білдіреді:

r = i – π,

мұнда, r – нақты пайыз мөлшерлемесі. Мысалы, инфляцияның жылдық қарқыны 10%-ды құраса, банктің белгілеген атаулы пайыз мөлшерлемесі 15% болса, онда оның нақты деңгейі 5%-ға тең.

Жер нарығы және рента

Жер нарығын қарастырудың алдында жерді иемдену және жерді пайдалану сияқты негізгі екі ұғымды түсініп алу керек.

Жерді иемдену деп қандай да бір жеке немесе заңды тұлғаның тарихи қалыптасқан жағдайларда белгілі бір жер теліміне деген құқығын анықтауды және соны мойындауды айтады. Жерді иемденуді оның иесі жүзеге асырып оған меншік құқығын қалыптастырады.

Жерді пайдалану – бұл белгілі жер телімін бекітілген заңдық тәртіппен қажетті мақсаттарда қолдану. Жерді пайдаланушы әрқашанда оның иесі болып табыла бермейді. Нақты  шаруашылық өмірде жерді иемденуді және оны пайдалануды әртүрлі тұлғалар жүзеге асырады.

Қазіргі экономикалық теорияда жер категориясы ауылшаруа- шылықтық және ауылшаруашылықтық емес мақсаттарда қолда- нылатын өндіріс үдерісінің басты құралы және шешуші факторы ретінде сипатталады. Қоғамдық өндірістің негізі бола алатын жер экономиканың салаларында әртүрлі қызметтерді орындайды. Біріншіден, жер өндіріс құрал-жабдығы ретінде қызмет атқарады: жердің кеңістік жағынан шектеулі болуы, жердің адам іс-әрекетінің нәтижесі емес, оның табиғаттың берген сыйы ретінде қарастырылуы, рента түрінде табыс әкеле алуы және оның бағасының болуы, т.б. Екіншіден, жер еңбек заты ретінде қызмет атқарады: өңдеуші өнеркәсіпке қажетті, кәсіпорын немесе зауыт салуға арналған алаң ретінде пайдаланылуы, жерді өңдеп, оған тұқым сеуіп өнім алу мүмкіндігі, т.б. Үшіншіден, жер еңбек құралы қызметін атқарады: мысалы, жерге тұқым сепкен күннен бастап өнім өсіру қызметін Жер-ана атқарады.

Жер факторының басқа өндіріс факторларынан айырмашылығы және ерекшелігі мыналардан көрінеді:

  1. Жердің ұсынысы әрқашанда шектеулі болады;
  2. Жердің ұсыныс қисығы өте икемсіз болып табылады;
  3. Жердің қозғалмайтындық сипатта болады;
  4. Жер шаруашылықтық іс-әрекеттің кез келген түрінде қолда- ныла береді;
  5. Жердің құны болмайды, бірақ оның бағасын анықтауға болады. Сонымен, жердің саны және оның ұсынысы шектеулі болғандық-

тан, жер нарығында белсенді рөлді оған деген сұраныс атқаарады.

Жерге деген сұраныс – бұл белгілі бір мақсаттарда жер учаскелерін уақытша жалға алып пайдалануды немесе оны сатып алуды білдіретін қатынастар. Жерге сұраныс біркелкі болмайды, себебі ол ауылшаруашылықтық және ауылшаруашылықтық емес сұраныстар болып бөлінеді. Алдымен, жерге сұраныс ауылшаруашылық өнімдеріне деген сұраныстан туындайды. Ал ауылшаруашылықтық емес сұраныс тұрғын үйлерді, инфрақұрылым нысандарын, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін қажетті сұраныстармен байланысты.

Жердің ұсынысы – бұл жер учаскесін оның қалыпты күйінде нарықтық қатынастар тұрғысынан сата алуын және немесе жалға беруін білдіретін қатынастар. Жердің ұсынысын мынадай екі негізгі фактор анықтайды:

  1. Жердің құнарлылығы;
  2. Жер учаскесінің нарыққа алыс немесе жақын орналасуы.

Жер нарығындағы тепе-теңдікті оны бағасы – жер рентасы анықтайды. Жерге деген сұраныс көлемі рентаның мөлшеріне байланысты және оның қисығы кемімелі, теріс көлбеулі болып келеді. Ал жердің ұсынысы шектеулі және өте икемсіз болғандықтан, оның қисығы тік сызық түрінде болады. Жердің ұсынысына байланысты жердің бағасы өскенде оның көлемін арттыру немесе оның бағасы төмендегенде көлемін қысқарту мүмкін болмайды.

Жер рентасы – бұл меншіктен түсетін табыстың бір түрі ретінде жер учаскесін уақытша пайдаланғаны үшін төленетін төлем. Оның көлемі жерді жалға алу-жалға беру (аренда) келісімінде анықталады. Бұл жерде жер рентасы жал төлемі ретінде қарастырылады. Жерді қолдану дәрежесіне байланысты оның негізгі екі түрін анықтауға болады:

  1. Абсолютті жер рентасы – бұл жердің құнарлылығы мен басқа да ерекшеліктеріне байланысты болмайтын жалға берілетін барлық жерлерден алынатын рентаның бір түрі.
  2. Ерекшеленген жер рентасы – бұл құнарлылығы жоғары, нарыққа жақын аумақтарда орналасқан және өндіріс шығындары төмен болатын жалға берілетін жерлерден алынатын рентаның бір түрі. Жалгерлер осындай жерлерден үстеме пайда алып отырады. Ерекшеленген жер рентасының өзі екіге бөлінеді:
  • Бірінші дәрежелі ерекшеленген жер рентасы – жердің табиғи құнарлылығына байланысты және оны экстенсивті жолмен игеру әдістері арқылы алынатын төлем;
  • Екінші дәрежелі ерекшеленген жер рентасы – бұл жердің құнарлылығын жасанды түрде игеру және оның сапасын  арттыру арқылы интенсивті жолмен игеру әдістері бойынша алынатын төлем. Бұл жерде тыңайтқыштар, жаңа құрал-жабдықтар, жоғары сұрыпты тұқымдар, биотехнологияның дамыған әдістері қолданылады.

Кейбір жерлерге жеке меншік болғандықтан, олар тауар ретінде сатыла алады. Жер сатылатын жағдайда оның бағасын анықтауға тура келеді. Жердің бағасы жер рентасына және банктің пайыз мөлшерлемесіне тәуелді болып табылады және ол рентаның пайызға қатынасы ретінде анықталады:

жер рентасы (R) / пайыз мөлшерлемесі (i) × 100%.Жердің бағасы (Р  ) =

Жердің бағасы жер рентасының капиталдандырылған құны болып табылады. Өйткені жерді сатқаннан түскен табысты банкке салып үстінен пайыз алу сол жерден алынатын жыл сайынғы рентаның мөлшеріне сәйкес келуі тиіс. Олай болса, пайыз мөлшерлемесі жер рентасының баламалы құны болып табылады. Мысалы, айталық, жерден алынатын жыл сайынғы рентаның шамасы 2000 теңгеге тең, ал пайыз мөлшерлемесі 10-ға тең. Онда жердің бағасы мынаған тең:

Егерде, жерді сатқаннан түскен 20 000 теңгені берілген пайыз деңгейінде банкке салсақ, онда жыл сайын рентаның көлеміне тең табысты алып отыруға болады.Р   = 2000 теңге / 10 × 100% = 20 000 теңге.

Сонымен, еңбек, капитал және жер сияқты өндіріс факторларын пайдаланғаны үшін алынатын жалақы, пайыз және рента түріндегі факторлық табыстың түрлері қалыптасып отырады. Өндіріс факторлары нарықтарында фирмалар осы табыстарды олардың иелеріне төлейді немесе олар шығындалады, ал үй шаруашылықтары пайда көреді.

Әдебиеттер тізімі

  1. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы: «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», 2014 ж. 17 қаңтар.
  2. ҚР Президенті  Н.  Ә.  Назарбаевтың  халыққа Жолдауы:

«Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», 2012 ж. 14 желтоқсан.

  1. ҚР-ның Президенті Н. Ә.  Назарбаевтың халыққа   Жолдауы:

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.

 

  1. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Шеденов Ө. Қ., Сағындықов Е. Н., Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С., Комягин Б. И.. /Жалпы редакциясын басқарған Шеденов Ө. Қ. – Ақтөбе: А-Полиграфия, 2004. – 455 бет.
  2. Экономикалық теория негіздері: оқулық / Я.Әубәкіров, К.Нәрібаев, М.Ескалиев және т.б.- Алматы: Эверо, 2011.- 478 б.
  3. Макконнелл, К.Р. Экономикс. Принципы, проблемы и политика: учебник / К.Р. Макконнелл, С.Л. Брю; пер. с англ.- 14-е изд.- М.: ИНФРА-М, — 972 с.
  4. Курс экономической теории: учебник – 6-е исправленное, дополненное и переработанное издание / Под общ. ред. Чепурина М. Н. и Киселевой Е. А. – Киров: АСА, – 888 с.
  5. Сажина М. А., Чибриков Г. Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672 с.
  6. Экономическая теория: учебник / под ред. В.Д.Камаева.- 13-е изд., перераб. и доп.- М.: ВЛАДОС, 2007.- 591с.
  7. Экономическая теория: учебник для студентов вузов / под ред. И.П. Николаевой, Г.М. Казиахмедова.- 3-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005.- 544с.
  8. Борисов, Е.Ф. Экономическая теория: учебник / Е.Ф. Борисов.- 2-е изд., перераб. и доп.- М.: Проспект, 2011.- 544с.
  9. Доғалов А. Н. Использование научных трудов видных казахских мыслителей при изучении экономической теории. Учебное пособие/ Доғалов А. Н.. – Астана: Евразийский национальный университет им. Л. Н. Гумилева, 2013., – 211 с.
  10. Әкімбеков С., Баймұхаметова А. С., Жанайдаров У. А. Экономика- лық теория. Оқу құралы. Жалпы редакциясын басқарған С. Әкімбеков. – Астана, 2002. – 464 б.
  11. Ғабит Ж. Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана, 2006. – 248 б.
  12. Нарматов С. Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы (Оқу құралы). – Алматы: Эверо, 2009. – 516 бет.
  13. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория негіздері: оқу құралы / А.Б. Темірбекова.- Алматы: Эверо, 2012.- 194 б.
  14. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196 б.

Гукасьян, Г.М. Экономическая теория. Введение в экономическую теорию. Микроэкономика. Макроэкономика: учеб. пособие / Г.М. Гукасьян, Г.А. Маховикова, В.В. Амосова.- 6-е изд.- СПб.: Питер, 2006.- 234с.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.