Диалектика – философия жүрегі

Философияны ілім ретінде бір жүйеге келтірген, оның заңдары мен категорияларын жан-жақты қарап, ғылымға ендірген неміс философы Г. Гегель (1770-1831 жж.) болатын. Ол «Рух феноменологиясы» (1807 ж.), «Логика ғылым» (1812-1816 жж.), «Философия ғылымдарының энцикло- педиясы» (1818 ж.) деген ауқымды еңбектер жазып, философияның дәрежесін көтерді. Сондай-ақ, ол «Құқық философиясы», «Дін философиясы» атты еңбектер жазды, ал «Философия тарихы» мен «Тарих философиясы» оның мәні терең құнды лекциялары. Бұл лекциялар Г. Гегель дүние салған соң жарық көрген болатын. Г. Гегель еңбектерінің үлкен бір саласы, ол оның диалектикаға аса зор көңіл бөлгені, өмірді ұдайы қозғалыста, дамуда деп түсінуі. Сондай-ақ Г. Гегель философияның жалпылық үш заңын ашып, олардың әрқайсысына ғылыми анықтама берді. Олар «сан құбылыстарының ұдайы өзгерісте болуы арқылы сапаға айналуы», «қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы», «терістеуді терістеу». Бұл заңдар диалектиканың, негізіне жатады. Сол заңдарды байыпты қолдану арқылы К. Маркс пен Ф. Энгельс өзінің талай метафизикалық әдісті қолданған қарсыластарын уәжбен жеңіп, өз ойын іске асырды. Сондықтан да олар диалектиканы сомдаған Г. Гегельді өздерінің ұстазы деп атады. Оларға әсіресе қатты ұнағаны Г. Гегельдің «Барлық шындық ақылға сияды. Барлық ақылға сиятын – шындық» деген жұмбақ сырын ашып, оның өмірде қандай көрініс табатынын айтқаны. Өйткені, бұл пікір бойынша, дүниеде бардың бәрі ақылға сия бермейді. Олардың ішінде ақылға сыйатындары да, сыймайтындары да бар екендігі. Сонда ақылға сиятыны не демек болсақ, онда ол солардың ұдайы өзгерісте, дамуда болатыны. Ал, егер өмірде бар бола тұрып, бірақ қозғалмайтын, дамымайтын болса, онда оны ақылға жатқызуға болмайтыны. Әрине, ондай құбылыс өмірде бар болса да шындық емес, оған жат екендігі. Олай болса диалектика – философия тірегі, мұқалмас, оңды- солды қолдануға бірдей жарайтын қару екендігі.

Диалектика ұғымы философияның ең күшті, жанды бөлігі. Ол дүниенің мәні үздіксіз қозғалыста, дамуда деп түсінуі. Ол дүние өзгермейді, қозғалмайды деген ұғымды жоққа шығарады. Диалектика – әрі әдіс, әрі ілім. Әдіс дейтініміз ұдайы құбылмалы дүниені зерттеу үшін икемділік керек дегені. Диалектикада ол бар. Ілім дейтініміз өмірді қайшылық күйінде бейнелеуі. Диалектика ұғымы және ол туралы термин ең алғаш антик дәуірінде дүниеге келді. Диалектика – алғаш диалог, былайша айтқанда әңгімелесу дегеннен туындаған ұғым. Екі адам арасындағы пікір алысу, сөйлесу диалогқа жатады. Осыдан туындаған. Әркім өз сөзінің өтімді болуы үшін, оны біржақты емес, жан-жақты дәлелді етуге тырысқан. Кейін оны алғаш философияға ендірген антик философы Гераклит болды. Ерте замандардан қазақтар сөз дәлелдігін «уәж» деп атаған. Сол уәждің ғылыми дамыған түрі – логика әдісі, дәрежесі – диалектика болып қалыптасты. Диалектика екіжақты өткір қару. Оны дұрыс қолданбасаң, өткір пышақ сияқты қолыңды кеседі. Егер буржуазиялық революция арқылы феодализмді құлатқан капиталистік қоғам уәкілдері кезінде оны кең пайдаланған болса, кейін үкіметке келген соң, олар диалектикалық философиядан іргесін аулақ ұстауға тырысты. Бұл негізсіз әрекет емес. Өйткені, үкіметке келген жаңа үстем тап өкілдері қоғамның одан әрі дамып өзгергенін қаламады. Ол түсінікті де 1917 жылғы Қазан революциясы арқылы құрылған жаңа қоғамда да диалектика шын мәнінде кеңінен қолданылды дей алмаймыз. Бір кезде өз қарсыластары, метафизиктермен идеялық тартыста барынша кеңінен қолданылған, жеңіске жеткізілген диалектикалық әдіс біртіндеп басылып, оның орнына догматизм кеңінен тарап кетті. Әрине, Кеңес жылдарында философияға, оның өткір бөлігі диалектикаға ешқандай кедергі болған жоқ. Оқу орындары диалектикаға, маркстік философияға кең жол ашылды. Сөйтсек те іс жүзінде диалектика оқу жүйесінде, ғылымда ғана орын тапты. Бір ғана мысал келтірейік. Басқаны былай қойғанда, сол кездегі елімізде екінші басшы болып, бүкіл идеология жұмысын қолында ұстаған М.А.Суслов нағыз теоретик, диалектик бола алды ма? Әрине, олай дей алмаймыз. Сол кезде пайда болған: «Социализмді орнатудың жалпы заңдылығымен оның әр елдің жағдайына байланысты ерекшеліктері» туралы туындаған теориялық талас басталды. Оған түрткі болған, Қытай Компартиясының идеологтары ұсынған өз елінде социализмді «Қытай ерекшеліктерімен орнатамыз» – деген теориясы еді. Бұған КОКП наразы болды. Өйткені олар социализмді орнатудың жалпы заңдылықтары бар екендігі, ал қытайлықтар оны ескермейді деп сынағаны. Мәселені айтыс арқылы шешпек болып, екі кездесуді өткізу келісілді. Бірі – Хабаровск қаласында (КСРО), екіншісі – Харбинде (Қытай Республикасы).

Бұл кездесуге КОКП атынан М.А.Суслов, Қытай КП атынан Дян Сяо Пин ұсынылды. Бұл 1959 жыл болатын. Пікірталас тек Хабаровскіде ғана өткізілді. Себебі – Хабаровскідегі кездесу Қытай Компартиясы пайдасына шешілді. М.А. Суслов өз ойын ашық айта алмады. М.А. Сусловтың диалектика тұрғысынан КОКП пікірін жан-жақты дәлелдеп жүргізе алмағаны өкінішті еді. Міне бұл догматизмнің нағыз айқын көрінісі болатын. Сол жылдары догматизм өмірдің барлық салаларын шырмап алған еді. Мәселен, догматизм ғылым дамуына да кедергі болып, зиян келтірді. ХХ ғ. 30-40 жылдарында басталған ғылым жаңалықтары, Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін шарықтап дами бастады.

Ең алғаш көріне бастаған ғылым кибернетика болатын. Грекше «Kybernetike» – басқару, өнері деген мағынаны білдіреді. Қазір ол басқару байланыс және информацияны өзгерту туралы ғылым. Бұл ғылымның аты шығуына себепкер американ ғалымы Норберт Винер (1894-1964 жж.) болды. Ол идеясын 1948 жылы жарық көрген «Кибернетика, немесе жануар мен машинадағы басқару мен байланыс» деп аталған монографиясында баяндады. Бұл жаңа ғылымның мәнімен алға қойған талабы догматикалық пікірде қалыптасқан ғалымдардың арада 4-5 жыл өткенде, бұл не нәрсе?, деп, оған наразылық көрініс берді. 1952–1953 жылдары баспа беттерінде кибернетикаға қарсы мақалалар шыға бастады. Әсіресе, 1953 жылғы «Вопросы философии» журналының №5 санында басылып шыққан «Материалист» деп қол қойған «Кибернетика – кімге қызмет етеді?» – деген мақалада, оны ғылымға қарсы, «антиғылыми» бастама1 деп бағалады. Мақалада бұл ғылыми есеп жүргізуде шексіз, ұшы-қиыры жоқ мол дүниені өте тез, шапшаң мерзімде есептеп шығаратын машинаны АҚШ соғыс мақсатына пайдаланатынын айтып, сондай-ақ ол машина адам миының барлық мүмкіндігін жасай алады деген Н.Винер пікірін сынға алады. Оның үстіне Норберт Винерді мадақтап, «Доктор Винер адам миын танытуда, әлемді танудағы Эйнштейннің жаңалығымен тең» дегеніне наразылық пікір білдіріп, өз атын жасырып жазған мақала авторы кибернетиканы жоққа шығармақ болды.

Сол жылдары химияда пайда болған жаңа «резонанс» теориясына да қарсы қозғалыс басталды. Бұл теория мәнісі былай. Мәселен, химияда реакция кезінде молекулалардың кейбір бөлшектерінің кванттық механикаға ұқсас қасиеттері байқалғаны. 1949 жылы «Вопросы философии» журналының №3 санында «Химиядағы бір махистік теория және оны насихаттаушылар туралы» деп аталған мақала жарық көрді. Резонанс – деген сөз бір заттың, екінші бір затқа әсері арқылы болатын қозғалыс, діріл, дыбыс. Химияда резонанс теориясын ашқан американдық ғалым, физик-химик Л. Паулинг (1901–1994 жж.) болатын. Ол өзінің тәжірибе жұмыстарын 1928-1931 жылдары жүргізіп, химияда да кванттық физикадағы атом өзегін сәуле жылдамдығымен зымырап айналатын электрон сияқты молекуладан бөлек, оның бұлты, қабыршағы сияқты құбылыс бар деп, оған резонанс атағын берді. Электрон белгілі еді, ол – энергия, ал – резонанс не? Бұл қиял ма, әлде өмірде бар нәрсе ме? Кейбір ғалымдар, мәселен Б. М. Татовский мен М.Н. Шахпаронов оны Э. Мах теориясымен байланыстырып, молекулаға қатысы жоқ, тек қиял деп тапты2 . Дегенмен кеңес химиктері Я.К. Сыркин мен М.Е. Дяткина өздерінің 1946 жылы жарық көрген «Химиялық байланыс және молекула құрылымы» деген кітабында «резонанс» валенттік құрылым. Бұл «ав һос» ойдан жасалған гипотеза емес, керісінше электрондық толқынды құбылыстың қажетті нәтижесі1 деп жазды. Шыны солай еді. Бірақ, Б.М. Татовский мен М.Н. Шахпаронов бұл теорияны ғылымға жат, махистық теория2 деп айыптады. Кейін сол сияқты материалдар қаптап кетті. Ақырында «резонанс» теориясы идеалистік, деп қате танылды.

Сол сияқты даурықпа теріс пікірлер ірі физиктер қабылданған «кванттық механика» теориясына да айтылады. Мәселен, 1948 жылы сәуір айында «Литературная газета» да жарық көрген «Бір философиялық кентавр туралы» мақала шықты. Кейін «Вопросы философии» журналы беттерінде «кванттық механика» теориясы алпысыншы жылдарға дейін үлкен пікірталасқа айналды. Мәнісі «кванттық механика» теориясын жақтаушылар философия тұрғысынан «Кентавр» деп сыналды.

Сол жылдары теріс пікірлер Альберт Эйнштейннің қатыстық теориясына қарсы айтыла бастады. Мәселен, 1953 ж. «Вопросы философии» журналының №1 санында «Қазіргі физикадағы материализм үшін күрес» деп аталатын А.А. Максимовтың мақаласы жарық көрді. Мақалада А. Эйнштейннің «қатыстық теориясы» ғылымға жат, реакциялық деп айыпталды. Академик В.А. Фоктың пікірінше А.А. Максимов объективтік пен абсолюттікі ажырата алмай, тек абсолютті мойындап, объективтікті жоққа шығарған. Нәтижесінде, А.А. Максимов А. Эйнштейннің қатыстық теориясы абсолютті мойындамайды деп сынға алады. Сондықтан да А.А. Максимов: «Эйнштейннің қатыстық теориясы қазіргі физикадағы тығырық»3 – деп бағалады. Бұл А.А. Максимовтың қалыптасқан ескі көзқарасты бұзған ғылыми жаңалықты түсінбей, догматикалық тұрғыда қалғанын көрсетеді. Осы сияқты кертартпа бағыттар қоғамдық ғылымдарда да көрініс берді. Әсіресе тарих, әдебиет салаларында әлгі жағдайлар 60–70 жылдарға дейін созылып, соңында шындық жеңіп, ғылым тұрақтанды.

Енді осы ғылымдағы ауыр жағдайдың себебі, не десек, ол әрине өмірді догматикалық тұрғыда түсіну болатын. Ол диалектиканы жаттанды түсініп, шығармашылық тұрғыда қолдана алмау еді. Бұл – бір. Екіншіден, осының бәріне себепкер жаңалықты түсінбеушілік. Айналып келгенде диалектикалық философияның оқу да бар, істе жоқ болып өмірден алшақтағаны. Сондықтан да бүгінгі «Ғылым философиясы» өмір талабы демекпіз. Догматизм тек белгілі қағиданы қайталай беретін, жаңалықты ұнатпайтын, өмір тынысын тұншықтырып, сөндіретін, диалектикаға қарама-қарсы бағыт.

Қоғамда да ескі мен жаңа бар, прогрессивтік және кертартпалық дағдылықтар бар. Сондай-ақ тазалық, тәртіпті жақтайтындармен, түрлі себеппен тәртіпті бұзатындар, сыбайластық жемқорлық пен оған наразылық бар. Міне қоғамда осыларды бетімен жіберуге бола ма? Әрине, болмайды. Ол үшін қоғамда тәрбие жұмысы үздіксіз жүргізілуі қажет. Тәрбие – процесс, мәні прогресс. Адам, қоғам бар жерде тәрбие бар. Тәрбие – деген не? Ол жақсылық, өнеге, үлгі, одан қабылданатын тәлім. Ол үшін жақсы бол деп үнемі айта беру емес. Өмірде жақсының түрі көп. Ол нәтижелі еңбек, табиғатты қорғай білу. Жақсылықты көре-біліп, басқаларға өнеге ету тәрбие. Тәрбие өзінен өзі қалыптасады деу, қате пікір. Сонымен, тәрбие жұмысы өте маңызды. Оны кім жүргізеді? Әрине оқу орындарында оны жүргізетін мұғалімдер. Ал қоғамдық ұжымдарда (коллективтерде), жалпы қоғамда ше? Ол жағы әзірше өздігінен өзі жүріп жатыр. Кеңес жылдарында бұл жұмыс бастауыш партия ұйымдарынан бастап, барлық партия аппараттарының міндеті және бұл салада жетістіктер жеткілікті болатын. Біз осы тәртіптен қол үзіп қалғандаймыз. Биік орында отырғандарда «қазаншының еркі бар…» – деген сияқтанып барады. Бұрын партия ұйымының талабы бәріне бірдей болатын. Қазір партиялар бар да, олардың бұл саладағы атқарып жүрген жұмысы көрінбейді. Сонда сол партиялар өндіріс, ауыл шаруашылығы, білім, ғылым, мәдениет жұмысына араласпайтын болса, онда олардың міндеті не деген сұрақ туындайды. Әрине, ол жұмыстар әкімшілік орындардың қолында. Ал тәрбие жұмысы кімнің қолында? Міне осы мәселелер идеологиялық жұмысқа жатады. Ал идеология негізі – философия, оның ішінде – диалектика.

Ең үлкен парадокс мынада: Кеңес жылдарында бірде- бір философ сол рухани құралды пайдаланды деп айта алмаймыз. Тіпті олар өздерін теоретик деген атаудан аулақ ұстап, оны тек логикада қолданатын әдіс деп қарады. Сондай-ақ Г. Гегель философиясында оның әдісі мен жүйесі арасында қайшылық болды: әдісі – диалектикалық, қорытынды жүйесі – антидиалектикалық, метафизикалық еді. Сірә, өзі ұсынған әдістен өзі қорыққан болса керек. Бұған себеп болған сол кездегі Пруссияның монархиялық жүйесімен қатар Г. Гегельдің сол жүйеге қызмет атқарғандығы. Соның бір көрінісі, оның ой, логика ұдайы өзгерісте, ал табиғат, қоғам өзгермейді дегені. Бұл нені көрсетеді? Диалектика қайтпас өткір қару екендігі, ал оны кертартпа күш ұнатпайтыны. Одан соң, оны тек қиналғанда болмаса, кез келген жерде қолдана беруге болмайтындығын көрсетеді. Бірақ, бұдан келіп диалектикадан мүлде бас тарту керек деген ой туындамаса керек. Ол онда тіпті ғылымға жат әрекет болар еді.

Сонымен, догматикалық көзқарас философтарды техникалық ғылымдардағы жаңалықтарды бұрынғымен байланыстыра алмай, оған кедергі көрсетуге, тек дағдылықты қолдануға әкелсе, ғылыми биология саласында халықтың ғасырлап қолданған дағдылы әдістерін жаңалықпен байланыстырып, тұқым қуалайтын, «генетика» және оны қорғайтын «хромосом»-ды шығармашылықпен ойлайтын ғалымдар дүниеге әкелсе, кейбір ғалымдар ешқандай тұқым қуалаушылық әлемде жоқ, бәрі өзгереді, ол тек сыртқы жағдайға байланысты деп, үстемдік талаптың ыңғайына жығылып, биология ғылымдарының тығырыққа тірелуіне себепкер болды. Ол туралы пікір арнаулы тарауда айтылады яғни, мұның бәрі кейбір ғылымдардың философияны өмірмен шығармашылық байланыстыра алмай, дұрыс ой айта алмағанын көрсетеді. Қасаң ой ешқашан шындықты объективті бейнелей алмайды. Диалектика теориялық ойлау үшін қажет екендігін жеткізе дәлелдеген Иммануил Кант болатын.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.